Жаңалықтар

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің университеттік клиникаларының сайтына қош келдіңіздер!

Қазіргі уақытта ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді. ҚазҰМУ клиникалары – бұл үздік әдістемелердің, біліктілігі жоғары мамандардың, дара тіл табу мен сапалы қызметтің үйлесімі.
ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы – ішкі патология: гепатология, ревматология, эндокринология саласы бойынша Қазақстандағы жетекші клиника. Клиника ішкі ағзалар ауруларына диагноз қою, оларды емдеу және алдын алуды заманауи деңгейде жаңа технологияларды қолдана отырып жоғары сапалы медициналық көмек ұсынады. Клиникада республикамыздың әрі алыс және жақын шетелдік жетекші ревматологтар, эндокринологтар, гепатологтар мен гастроэнтерологтар емдеу-кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Клиникалық-білім беру орталығы (ҚазҰМУ Профессорлық клиникасы) аурулардың барлық түрлері бойынша емдеу-диагностикалық көмек ұсынады. Жоғары дәрежелі мамандар, профессорлар, медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, түрлі ауруларды емдеу саласының әлемдік деңгейде беделді дәрігерлері қабылдайды.
ҚазҰМУ Стоматология клиникасы ауыз қуысы, бет, мойын, ауыз қуысының сілемейлі қабатының аурулары мен парадонт, жақ-бет протездеу мәселелері бойынша, тіс-жақ жүйесі ауытқуларын емдеу және түзету және т.б. стоматологиялық қызметтердің барлық түрлерін ұсынады.
Дәрігерлердің кәсіби деңгейі, әлемдік және отандық медицинаның ең жаңа жетістіктеріне негізделген тексерудің заманауи инструменталдық әдістері және емдеу стандарттары уақытылы алдын алу шараларын өткізуге және әрбір емделушіге бағытталған  емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Біз Сіздерді С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің 
клиникаларында күтеміз!